Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

29-мамырда еліміздің басым бөлігі жауын-шашынды болады

Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аумағында найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының да кейбір ауданында найзағай ойнап, күндіз жел екпіні 15-20 м/с күшеюі мүмкін.

Ақтөбе облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз өңірдің кейбір жерлерінде күн күркіреп, найзағай ойнайды.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысында да найзағай жарқылдап, желдің екпіні 15-20 м/с артады деп күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл болуы ықтимал.

Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп, найзағай ойнауы мүмкін. Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысының кей жерлерінде аптап ыстық күтіледі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз