27-маусым: АҚШ доллары бағамында өзгеріс жоқ

23 просмотров

ҚР Ұлттық банктің бүгінге жариялаған ресми бағамы 339, 10 теңге болды. Ал кешегі ресми бағам 339,69 теңге еді. Ақша айырбас орындарындағы бағамда да үлкен айырма байқалмайды. Осы жағынан алғанда, еліміздің қаржы нарығындағы баға тұрақтап келеді.

Ұлыбританиядағы саяси оқиғадан соң қатты арзандаған ағылшынның фунт стерлингі де қайтадан көтеріле бастады. Халықаралық мұнай нарығындағы баға да қалыпқа келе бастағандай.

Kurs.kz сайтындағы деректерге сүйенсек, Алматыдағы ақша айырбас орындарында бүгін 1 АҚШ доллары 337-339 теңге аралығында сатып алынып, 340-341 теңге аралығында сатылып жатыр. Кешегі бейресми бағам да тура осындай болған.

ҚР Ұлттық банктің 24-маусымға бекіткен шетелдік валюталар бағамы мынадай: 1 евро —373,93 теңге, ресей рублі — 5,22 теңге, 1 фунт стерлингі — 450,05 теңге, жапон йені— 3,33 теңге, 1 қытай юаньы — 51,03 теңге, 1 қырғыз сомы — 5,04 теңге, 100 өзбек сумы— 11,59 теңге болды.

АҚШ долларына қатысты ресми бағам Қазақстан қор биржасындағы 27-маусымдағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 339,10 теңге деңгейінде нақтыланды.

Загрузка...