28-маусым: АҚШ доллары — 341 теңге

38 просмотров

ҚР Ұлттық банктің бүгінге жариялаған ресми бағамы 339,69 теңге болды. Ресми бағамның кешке дейін тағы жоғарлауы күтіліп отыр.

Бағаның өсетіндігіне бүгінгі ақша айырбастау орындарындағы таңертеңгі бейресми баға растайды.

Kurs.kz сайтындағы деректерге сүйенсек, Алматыдағы ақша айырбас орындарында бүгін 1 АҚШ доллары 337-339 теңге аралығында сатып алынып, 340-341 теңге аралығында сатылып жатыр. Өткен күнмен салыстырғанда бұл арада 3-5 теңгеге айырма бар.

ҚР Ұлттық банктің 24-маусымға бекіткен шетелдік валюталар бағамы мынадай: 1 евро —377,57 теңге, ресей рублі — 5,20 теңге, 1 фунт стерлингі — 472,47 теңге, жапон йені— 3,30 теңге, 1 қытай юаньы — 51,34 теңге, 1 қырғыз сомы — 5,04 теңге, 100 өзбек сумы— 11,61 теңге болды.

АҚШ долларына қатысты ресми бағам Қазақстан қор биржасындағы 24-маусымдағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 339,69 теңге деңгейінде нақтыланды.

АҚШ долларының қарқын алуына Еуро одақтағы саяси оқиға ықпал еткен. Өткен аптаның соңында 24-маусымда Ұлыбританияның Еуро одақтан шығуы бойынша референдум қорытындысы жарияланғанда халықаралық бағалар күрт өзгеріске ұшырағанын еске сала кетелік.

Мәселен, Brent маркалы мұнай бағасы 3 пайызға, яғни бір баррелі 49,35 долларға арзандады. WTI маркалы мұнай құны 3,2 пайызға, яғни бір баррелі 48,45 долларға дейін құлдырады. Ал ағылшын ақшасы — фунт стерлинг 6 пайызға арзандаған еді.

Загрузка...