27-мамырда Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық, ыстық болады

36 просмотров

27-мамырда Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық, ыстық болады. Алайда еліміздің екі бас қаласы – Алматы мен Астана көгін қара бұлт басып, жаңбыр жауады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

Бүгін Петропавлда, Көкшетауда көшпелі бұлт жүреді, бұл өңірлерде ауа-райы көрсеткіші 26 градус ыстықты көрсетеді.

Сонымен қатар Шымкент (+27 градус), Талдықорған (+25 градус), Қарағанды (+ 25 градус), Жезқазған (+24), Өскемен (+24) қалаларында күн бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Бұл өңірлердің кейбір аумақтарында жел екпіні күшейеді.

Еліміздің бұдан басқа өңірлерінде күн ашық, ыстық болады.

Семейде ауа-райы көрсеткіші: +27 градус, Қостанай: + 29, Орал: + 29, Атырау: +32, Ақтөбе: +28, Ақтау: +24, Тараз: +27, Қызылорда +31, Павлодар: +27 градус жоғары.

Алматы мен Астанада күн бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Алматыда ауа-райы көрсеткіші 23 градус, ал Астанада температура бағамы 27 градус жоғары болып келеді.

Загрузка...