Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

АҚШ доллары мен мұнай бағамы Еуропалық одақтағы саяси оқиғаға байланысты төмендеді

ҚР Ұлттық банктің бүгінге жариялаған ресми бағамы 336,63 теңге болды. Алайда бүгін кешке қарай оның бағасы тағы құлдырауы болжанады.

Бағаның төмендеуін бүгінгі ақша айырбастау орындарындағы таңертеңгі бейресми баға да растайды.

Kurs.kz сайтындағы деректерге сүйенсек, Алматыдағы ақша айырбас орындарында бүгін 1 АҚШ доллары 332-335 теңге аралығында сатып алынып, 336-339 теңге аралығында сатылып жатыр. Ал кеше сатып алудағы бір доллардың құны 335-337 теңге болса, ол 338-340 теңге аралығында сатылған болатын. Демек, өткен күнмен салыстырғанда, бүгінгі бейресми баға едеуір төмендеген.

ҚР Ұлттық банктің 23-маусымға бекіткен шетелдік валюталар бағамы мынадай: 1 евро —383,39 теңге, ресей рублі — 5,26 теңге, 1 фунт стерлингі — 500,50 теңге, жапон йені— 3,21 теңге, 1 қытай юаньы — 51,23 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,99 теңге, 100 өзбек сумы— 11,49 теңге болды.

АҚШ долларына қатысты ресми бағам Қазақстан қор биржасындағы 23-маусымдағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 336,63 теңге деңгейінде нақтыланды.

23-маусымда Ұлыбритания халқы 40 жылдан астам мүше Еуропалық одақтан шығу туралы мәселесін қарап, жалпыхалықтық референдумда дауыс бергенін баса айта кетелік.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз