Жұлдызды жұп Аша Матай мен Арман Қоңырбаев жүктілік кезең сәттерін есте сақтап қалу үшін фототүсірілім жасады.
Бұл туралы Nur.kz хабарлады.
Аша Матайдың аяғы ауыр екенін қалың көпшілік жақсы біледі. Бастапқыда әнші өзінің жүктілігін жасыруға тырысқанымен, көзі қырағы оқырмандар жұптың жақында сәбилі болатынын біліп алды. Кейіннен Аша да желіге суреттерін салып, өзінің жүктілігін білдіріп қойды.