Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Баян Есентаева: “Күйеуім сүйреп жүріп, екі сағат бойы сабады. Соншалықты не жаздым?”

101

20160908093141

«10 маусым болатын. Мен үйге қайтып келе жаттым. Негізінде бұдан бұрын, 5 маусым күні жанжалдасып қалғанбыз. Мен үйге дәл осы 5 маусымда оралуға тиіс болғанмын.  Алайда 5 күнге кешігіп қалдым. Күйеуім тарапынан қорқыту мен үркіту көбейіп кеткесін бірнеше күн аялдай тұрайын деп шештім. Сәл сабасына түсер деген үмітім болған.  

Мен әдейі шетелдік рейспен келдім. Ол білмей қалады деп ойладым. Ұшақтан түсіп, таксиге отырғаным сол қайдан келгені белгісіз есікті жұлқып ашқан күйеуім жаныма жайғасып алды. Мен мұны күтпеген едім. Оның қолынан пышақты байқап қалдым.

Ойланып үлгергенше болған жоқ пышақты сұғып алды. Түрінде аяушылық сезілген жоқ. Алғашқыда мен де ауырсынбадым. “Шок” жағдайында болған шығармын. Әлдеқандай сұмдықтың болғанын ішім сезді. Бірақ, бірден өз-өзімді қолға алдым. Айғайласам, дабыра көтерсем түк өнбесін білдім…Такси жүргізушісінен көмектесуін сұрадым.

Сол сәтте-ақ күйеуім мені соққының астына алды. Көзім тұманданып кетті. Содан кейін ол таксистке тоқтауды бұйырды. Мен көліктен шықтым. Айғайлағаннан пайда жоқ еді. Қанша жерден табысты, танымал әйел болсаң да еркекке қарсы ештеңе істей алмайсың. 

Содан кейін ол мені басқа көлікке отырғызды. Сөйтсем бұл көлік менің таксиге отырғаннан кезден-ақ артымыздан аңдып отырыпты. Рөлде күйеуімнің жиені отыр екен. 

Әрі қарай бір сұмдық басталды. Күйеуімнің қыр-сырын білсем де, оны мұншалықты аяусыз деп ойламаған едім. Сонда да үндеген жоқпын. Айғайлағаннан, көмек сұрағаннан нәтиже шықпасы белгілі еді. 

Ол мені екі сағат бойы ұрды. Бет-аузым қанға бөгіп кетті. Тісімді, мұрнымды сындырды. Ернімді жырды. Бетімді тілді. Қатты қиналдым. “Балаларды ойласаңшы…” дей бергенімде ол мені тағы да төпелей жөнелді. 

Сол оқиғадан бері үш ай өтті. Алайда салдары әлі кеткен жоқ. Екінші дәрежелі контузия алдым. Сол көзім дұрыс көрмейді”  деді Баян Есентаева. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз