Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды

637 просмотров

Алматыда барахолка маңында жантүршігерлік жол апаты болды. 

Бұл туралы СТВ арнасындағы«Территория происшествий» бағдарламасына сілтеме жасаған baq.kz хабарлады.

«Болашақ» базарына қарама-қарсы жерде екі автокөлік соғысқан. Куәгерлердің айтуынша Mitsubishi Eclipse автокөлігі көшемен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Белгісіз себептермен шетелдік автокөліктің жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, оңтүстік бағытта кетіп бара жатқан Toyota Camry көлігімен бетпе-бет соғысқан.

4f94c1ab2ac0df9083e496896fec1186

af98c9e962f34aafbff66ad56571fb69

Жол-көлік оқиғасынан үш адам зардап шеккен. Құтқарушылар адамдарды көліктен шығару үшін арнай техникаларды қолданған. Олар ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Полиция жол апатының неліктен болғанын анықтап жатыр.

0b2c35510f54030f95654254bf8b7690

53fd9b0a55fc84f7a6e689a36bdc44f5

844ba20b4a4b9c9d89e33da46965450c

969dcf71b5b2b171421dca0d6aca9e6e

b70055c128773b5d4772684bdb6d3ba9

Загрузка...