«Астана Опера» театрының жетекші солисі Сеулде өткен халықаралық би байқауының жеңімпазы атанды.
Бақтияр Адамжан Канада, Франция, Корея, Ресей мен Украинадан келген өнерпаздардан басым түсіп, «Классиқалық би» санаты бойынша бірінші орынды иеленді деп хабарлады 24kz.
Сондай-ақ, Бақтияр Адамжан өзі үшін Қытай хореографы арнайы қойған «Ояну» биін орындады.
Тұрсынбек Нұрқалиев, «Астана Опера» балет труппасының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
– Біздің Бақтияр қазақ балетінің бір ерекше жағын көрсетіп, осы Корей көрерменін таң қалдырды. Ол тек біздің «Астана Опера» театры үшиі емес, қазақ балетіне берілген баға деп ойлаймын.
Айта кетейік, бұл Бақтияр Адамжанның халықаралық байқаулардағы алғашқы жеңісі емес. Өткен айда ол Ыстамбұлда өткен жарыста бас жүлдені қанжығалаған болатын.
24 жастағы биші өзінің жетістікке жету құпиясымен де бөлісті. Оның айтуынша, сахнаға шыққан кезде тек көрерменге көтеріңікі көңіл-күй сыйлауға тырысу қажет.
Бақтияр Адамжан, «Астана Опера» театрының жетекші солисі:
– Жаңалықтардан қарап отырамын, Олимпиадада осындай алтын алды, соған үлесімді қоссам ба деген.