Әуе қорғаныс күштерінің бірнеше әскери бөлімдерді тексеруден өтті

32 просмотров

Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының офицерлерінен құралған кешенді комиссия Ақтау гарнизоны 51809 әскери бөлімінің радиотехникалық бөлімшелерін тексеруге жоспарлы жұмыс сапарымен барды.

Бұл туралы ақпарат ҚР Қорғаныс министрлігі ресми сайтында жарияланды.

Бір уақыттағы кешенді тексеріс Әуе қорғаныс күштерінің бірнеше әскери бөлімдерінде жүргізілді.

«Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетовтің басшылық етуімен жұмыс жасаған комиссия бригаданың қолбасшылығы мен лауазымды адамдарын және жекелеген радиолокациялық роталардың командирлерін тыңдады, ӘҚК-нің бөлімдерін тыныс-тіршілік үшін қажетті материалдармен қамтамасыз етілу проблемалары бойынша әңгіме жүргізді», делінген хабарламада.

Жауынгерлік әзірлікті, қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйін, оқу-материалдық базаны және жеке құрамның жасақталуын тексерді. Бұл ретте ерекше назар әскерлер қызметіне, бригаданың зениттік-зымыран дивизиондары мен радиолокациялық бөлімшелердің жауынгерлік кезекшілігінің ұйымдастырылуы мен атқарылуына аударылды.

Сонымен қатар, комиссиямен жеке құрамның құқықтық тәртібін, моральдық-психологиялық жағдайы мен әскери тәртіптілігін ұстап тұру жөнінде командирлердің тәрбие жұмысы мен қызметіне баға берілді.

Сапар барысында авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтына барып, курсанттармен әңгіме өткізді.

Тексеру аяқталғаннан кейін ұсынымдар мен нұсқаулар берілді. Әскери бөлімдер мен бөлімшелердің командирлеріне қажетті көмек көрсетілді.

Загрузка...