Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“21-27 жастағы қыз керек”. Шымкенттік әйел күйеуіне бала туып беретін жас тоқал іздеп жүр

453

Жанна бұндай шешімінің себебін де ашып айтты.

“Ербол екеуміздің үйленгенімізге сегіз жыл болды. Аллаға шүкір, бақыттымыз. Бір-бірімізге деген сый-құрметімізді білесің, көріп те жүрсің. Бірақ мен оған бала туып бере алмаймын. Себебі денсаулығым жарамайды, бірнеше рет операцияда болғанмын. Жатыр түтікшелерін алып тастаған. Ал Ерболдың жасы 30-ға таяп қалды. Оның да ұрпақ сүйіп, балалы болуға құқы бар. Өзі бұл жайлы ауыз ашып, ләм деп көрген емес. Дегенмен уақыт өткен сайын мен қиналып бара жатырмын. Өйткені қатарларының алды сүндет той жасап, қуаныштарын атап өтіп жатыр, Ербол да ұрпақ сүйіп, баласының маңдайынан иіскеп, тәтті қылығына сүйсініп отырса жараспай ма деген ой менің жанымды жеп бара жатыр.

Бізде бәрі бар. Баспана да, көлік те, шағын бизнес те. Тек бала жоқ. Жасанды ұрықтандыру жолымен болса да босанып алар едім, оған жасым өтіп кеткен. Денсаулығым да жарамайды”, – деген әйел күйеуіннің екінші әйел, бала жайлы сөз қозғамайтын айтатады.

“Ол үндемеген сайын менің жаным ауырып барады. Ақыры шыдай алмай, бір күні оған: «Анаң болса қартайды. Оған күтім жасап, киімін жуып, дәмді асын әзірлейтін келін керек. Өзіңнің бала сүйіп, тәрбиелейтін, әке болатын уақытың келді. Менің саған еш ренішім жоқ. Көңіліңдегі, ойыңдағы адамың болса, жолың ашық. Мен кедергі болмаймын», – деп ашық айттым дейді кейіпкер.

Кейін Ербол жарына «Өзіңе сырлас дос әрі сіңлі, анама келін, маған жар, ал балама ана болар адамды өзің тап», – деп кесіп айтқан.

“Біз осы бәтуаға тоқталдық. Құда түсіп, қалыңмалын төлеп, сырға салып алып кетеміз. Беташарын да жасаймыз. Тұрмысымызды білесің, таршылық көрмейді. Астында көлік, басында бар жағдайы жасалған баспана болады. Анамызды сыйлап, асын беріп отырса, Ерболды ерім деп құрметтеп, алдынан кесіп өтпесе екен дейміз. Түсінігі бар қыз болса тіл табысып кетеміз деп сенемін. Ол да азаматының бәйбішесі барын мойындауы тиіс. Бар қоятын талабымыз осы. Бала тәрбиесіне өзім көмектесемін, бесігін тербетіп, өзіне сырлас әпке болуға әзірмін”, – дейді Жанна.

Осылай деген Жанна күйеуіне жар болар лайықты адам табылса, беташарды көпке ұзатпай, қазан айының ортасына дейін өткізгісі келетінін де ескертті.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз