Шеврон» компаниясы мен Атырау облысы мемлекеттік, жеке меншіктік әріптестікті кеңейтетін болады.
Бұл туралы Атырауда өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың «Шевронның» Еуразиялық стратегиялық бөлімшесінің директоры Тимоти Миллермен кездесуінде мәлім болды.
«Соңғы бес жылда сіз ТШО компаниясының бас директоры лауазымында болдыңыз. Осы жылдардың ішінде екі жақты қарым-қатынастың дамуына орасан зор үлес қостыңыз. Бүгінде ТШО компаниясы жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін сатып алып, қазақстандықтардың үлестерін арттыру үстінде», -деді Н. Ноғаев Тимоти Миллерді жаңа лауазымымен құттықтау барысында.