Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Саха Манатов: Жұмыс істегісі келетін адам жерге ие болуы тиіс

«Жер кодексіндегі түзетулер шаруаларды қорғайды, жер иесі болу керек. Еңбектенгісі келетін адам жерге ие болғаны дұрыс. Жер актілері бар, алайда еш өнім өндірмейтіндер де бар ғой. Мемлекет жеңілдетілген талаптарды қарастырды, жердің кадастрлық құны 50 пайызға төмендейді. Жер шетелдіктердің қолына өтеді деп алаңдамаған жөн. Аграрлық салаға ақша салғысы келетін шетелдіктердің кезекте тұрғанын көрмедім. Өзім сондайларды іздеп жүрмін», – деді Саха Манатов.

Шаруа қожалығының басшысы келесі жылы қант қызылшасын 350 – 400 гектар жерге егуді жоспарлап отыр.  Бұған мемлекет бөлетін субсидиялар жол беріп отыр.

«Қант қызылшасының өндірісін жаңғырту үшін мемлекет минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтерді сатып алу үшін субсидиялар бөледі. Қант қызылшасының сатылуына кепілдік бар. Биыл консигнация талаптары бойынша жергілікті билік сапалы француз тұқымын таратты», – деді «Манат» ШҚ басшысы.

Сонымен қатар, Байзақ ауданы Ақшолақ ауылында құны  300 млн. теңгені құрайтын жылыжай кешені бар.  Жылыжай кешенін 3 гектарға дейін кеңейту, маусымаралық көкөніс өндірісін 800 тоннаға дейін жеткізу көзделген.

Жамбыл облысының елді мекендерінде Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіретін жұмыс тобы барды. Облыстың барлық аудандарында Жер кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша  арнайы call-centre жұмыс істейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз