Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

ОҚО басшысы өртенген базар сатушыларымен кездесті

Облыс әкімі өртке оранған нысанды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүретінін айтып, сабырлық танытып отырған сатушылар мен сауда орталығының басшылығына алғысын білдірді, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, өртті дер кезінде ауыздықтатып, шұғыл жұмыс атқарған облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен қала басшылығына ризашылығын жеткізді.

Орын алған жағдайға байланысты аймақ басшысы тиісті сала мамандары мен қала басшылығына олқылықтың орнын жойып, тез арада қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар, қалпына келтіру жұмыстары кедергісіз жүргізіліп, шығындарды өтеу бойынша сақтандыру компаниясы тарапынан бөлінетін қаржы ешқандай бюрократиясыз іске асуын бақылауды және тұрғындар жұмыс орнымен қайта қамтылуын нықтап айтты.

Еске сала кетсек, Шымкент қаласы 11 мөлтек ауданы Ш.Уәлиxанов көшесінің бойындағы «Исатай» азық-түлік базары 21 мамырдың түнгі сағат 02.00-де шамасында өртке оранған болатын. Өрт сөндіру жұмысына жалпы 100-ден аса жеке құрам мен 62 офицерлік құрам, 23 өрт сөндіру теxникасы жұмылдырылып, тілсіз жау дер кезінде ауыздықталды. Зардап шеккендер мен адам шығыны жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз