2020 жылы Ресей Қазақстанға «Протондарды» ұшыру кешенін бермек

57 просмотров

Роскосмос 2020 жылы Қазақстанға «Протондарды» ұшыру кешенін береді, деп мәлімдейді «Известия».

 

Тараптардың бекіткен жоспар-кестесіне сәйкес, «Сұңқар» ракетасы сынақтан 2024 жылы өткізіліп, 2025 жылы коммерциялық мақсаттарға қолданыла бастайды. «Сұңқар» қолдануға берілгеннен кейін Роскосмос улы гептилмен ұшатын «Протон-М» және «Протон-light» зымыран тасығыштарын қолданудан бас тартуды ұсынып отыр.

Қазкосмосқа жақын ақпарат көзінің айтуынша, «Протондарды» ұшыру кешенінің «Бәйтерек» компаниясына берілуі аталмыш жоба мен «Протон» тасығышының жаңа модификацияларын дамыту аясында келісілген. «Біздің қазақстандық әріптестерімізбен ынтымақтастығымыз жаңа деңгейге көтеріліп отыр. Біз «Бәйтерек» жобасының мамандарын ұшыру жұмыстарын ұйымдастыруға тартып отырмыз»,- дейді Хруничев орталығының басшысы Андрей Калиновский.

Ал Ғарыштық саясат институтының ғылыми жетекшісі Иван Моисеев «Протондар» 2025 жылдан кейін де ұшырылады деген пікірде. Байховый айлағынан 2025 жылдан кейін «Протондардың» ұшырылмайтыны – факт емес. Егер ұшыру кешені қазақстандық серіктестерге тек 2020 жылы ғана берілетін болса, және де «Протонның» екі жаңа модификациясы тек сол жылы ғана қолдануға алынса, онда оларды қолдану бес-ақ жылда тоқтатылады дегенге  күмәнмен қараймын. Ұшыру қызметтерін ұсыну нарығының экономикалық жағдайы мен конъюнктурасы жаңа ракеталарға көшуге көп мүмкіндік тудырып отырған жоқ. Ал, улы жанармай жөніне келсек, бұл, негізінен, пиар-технология. «Протондардың» жанармайы онымен тікелей жұмыс істейтіндер үшін зиянды, ал Қазақстан халқы үшін ол қауіп тудырмайды», — дейді ол.

9c39c9c0-fa5c-4f67-ab01-78dffb4c0d2e

Дереккөз: today.kz

Загрузка...