Халықаралық валюта қорының болжауынша, 2020 жылға қарай мұнай бағасы 58-75 долларға дейін өсуі мүмкін.
Бұған қордың жұмыс құжаттары дәлел, деп хабарлады ТАСС.
«ОПЕК нарықтың 42 пайызын қамтып отыр, 35 пайызы қарсы. ОПЕК үшін болашақта нарықтың теңесуіне қол жеткізу пайдалы», деп жазылған құжатта.
ХВҚ мәліметтеріне сәйкес, егер АҚШ-та қатпарлы мұнай өндірудегі демпингке қатысты шығындар қысымы сақталса, 2020 жылға қарай ОПЕК-тің 41пайыз үлесімен мұнай баррелінің нарықтық бағасы 58 доллар болуы мүмкін.