Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

2015 жылы сотқа шағымданған жәбiрленушiлердiң 43%-ы – әйелдер мен балалар

Г.Әбдiқалықова сөз басында Ұлттық комиссия бастама болған «25 пайдалы iс» республикалық акциясын өткiзуде әйелдер қауымдастығының үлкен үлесi бар екенiн жеткiздi. Акция аясында дарынды жетiм балаларды қолдау, балалар медициналық мекемелерiн оңалту үшiн жабдықтау, кәсiпкер әйелдердi тегiн оқыту және басқа әлеуметтiк маңызды шаралар өткiзiлiп жатыр.

Отырыста Жоғарғы сот, Бас прокуратура, Iшкi iстер, Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiктерiнiң өкiлдерi әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы тұжырымдаманы орындау барысы туралы баяндамалар жасады.

Әйелдер мен ерлердiң теңдiгiн көтермелеу, әйелдердiң құқықтары мен мүмкiндiктерiн кеңейту БҰҰ Мыңжылдықты дамыту мақсаттарының бiрi болып табылады. Бүгiнгi күнi Қазақстан бүкiлдүниежүзiлiк экономикалық форумның ғаламдық рейтингiсiнде 47-орынға ие болып отыр.

Отырыста белгiлi болғандай, Ұлттық комиссияға әдiл сотқа қол жеткiзе алмай жүрген әйелдерден шағымдар жиi түседi. Мысалы, 2015 жылы соттарға түскен қылмыстық iстер бойынша жәбiрленушiлердiң 43,1 пайызы – әйелдер мен балалар.

Елiмiзде тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайтуға бағытталған нақты шаралар қабылданып жатыр. Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi хабарлағандай,  «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының аясында әлеуметтiк келiсiмшартқа 74,8 мың әйел қол қойған, оның iшiнде 46,8 пайызы – ауыл тұрғындары. Әйелдердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынды, әйелдерге ауыр көтеру мен қозғауды шектеу нормалары қарастырылған 287 жұмыс тiзiмi бекiтiлдi.+

Сондай-ақ отырыста 2030 жылға дейiнгi отбасылық және гендерлiк саясатының тұжырымдама жобасының таныстырылымы өттi.

1417433755

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз