180 млн теңгеге газ құю стансасы салынбақ

37 просмотров

Алматыда заманауи газ құю стансасының құрылысы басталады. Мұндай келісім-шартқа «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Мұрат Дәрібаев пен жобаның жеке инвесторы «Auto Life» ЖШС директоры Андрей Чередников қол қойды.

Gas-Station-01

Екіжақты меморандум аясында 4 жер учаскесін бөлу туралы келісім жасалды.

Заманауи автогаз құю стансасын салуға 180 млн теңге бағытталмақ. Стансаны салу  «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қаланың атмосферасын жақсарту жолындағы басым бағыттарының бірі болып отыр.

Мамандардың айтуынша, табиғи газ бензин мен дизельден 2-3 есе арзан әрі табиғатқа келтіретін зияны да аз. Әрі 1-1,5 жыл ішінде белсенді жұмыс жүргізілсе, салынған шығындар өзін өзі ақтайды.

Жоба «Алматы-2020» бағдарламасы аясында жүзеге аспақ.

Загрузка...