18 мамырға арналған доллар бағамы

21 просмотров

Қазақстанның Ұлттық банкі 18 мамырға арналған шетел валюталарына қатысты ресми бағамды жариялады. Ресми мәліметке сүйенсек, 1 АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бүгінгі құны 328,07 теңгені көрсетіп тұр.

„АҚШ доллары — 328,07 теңге, 1 еуро —371,57 теңге, ресей рублі — 5,08 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 475,08 теңге, жапон йені— 2,99 теңге, 1 қытай юані — 50,28 теңге, 1 қырғыз сомы —4,78 теңге, 100 өзбек сумы— 11,36 теңге болды„ деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.

АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 17 мамырдағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда-саттық кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 328,08 теңге деңгейінде нақтыланды.

Ал теңге курсына қатысты басқа шетел валюталары кросс-курс есебі бойынша Астана уақытымен 16:00-де белгіленді.

Загрузка...