Әнші Мәдина Сәдуақасова осыдан 17 жыл бұрынғы “Жас Қанат” байқауына қатысқан видеосымен бөліскен екен.
“Бұл менің 1999 жылғы “Жас Қанат” байқауында орындаған әнім. Осы ән маған бас жүлдені әперді ” деп жазыпты Мәдина өзінің Инстаграмдағы парақшасында.
Айта кетсек, Дәл осы байқау әншінің өнердегі алғашқы қадамы саналады. “Жас Қанатта” жеңіске жеткен Мәдинаны жұрт содан былай кеңінен тани бастады.