Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

16 мамырда еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, ауа-райы салқындайды

Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының кейбір аудандарында найзағай ойнап, тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, ұйтқуы 23 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аумағында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола, Қостанай облыстарында, түнде Павлодар облысында желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.

Маңғыстау және Атырау облыстарының кейбір аудандарында найзағай ойнайды, түн тұманды болады.

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 1-6 градусқа дейін күн суытады, Павлодар облысының кей жерлерінде күн 3 градусқа дейін суытады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз