15-маусымдағы доллардың құны: 341 теңге

26 просмотров

АҚШ доллары өткен аптада әр күн сайын 2 теңгелеп құнын жоғалтқан секілді, керісінше осы аптада дәл сондай қарқынмен қымбаттап жатыр. Бұл соңғы кездері халықаралық нарықта бағасы көтеріле бастаған мұнай бағамының қайтадан түсіп жатқанымен түсіндіріледі.

ҚР Ұлттық банктің бекіткен америкалық валютаның ресми құны дүйсенбіде 333,97 теңге, сейсенбіде 335, 81 теңге болса, ал бүгін — 15 маусымда ол 337,65 теңгені құрады. Осылайша апта басынан бастап АҚШ долларының ресми бағасы 5 теңгеге өсті.

Ал ақша айырбастау орындарындағы бағамға жүгінсек, америкалық валюта осы апта басынан бері шамамен 10 теңгеге нығайған.

Kurs.kz сайтындағы деректерге сүйенсек, Алматыдағы ақша айырбас орындарында бүгін 1 АҚШ доллары 337-338,5 теңге аралығында сатып алынып, 340-341 теңге аралығында сатылып жатыр. Ал кеше ақша айырбастау орындарында америкалық валюта 333-334 теңге аралығында сатып алынып, 336-337 теңге аралығында сатылғанын еске сала кетелік.

ҚР Ұлттық банктің 15-маусымға бекіткен шетелдік валюталар бағамы мынадай: 1 еуро —378,71 теңге, ресей рублі — 5,11 теңге, 1 фунт стерлингі — 477,98 теңге, жапон йені— 3,19 теңге, 1 қытай юаньы — 51,21 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,97 теңге, 100 өзбек сумы— 11,51 теңге болды.

АҚШ долларына қатысты ресми бағам Қазақстан қор биржасындағы 14-маусымдағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 337,65 теңге деңгейінде нақтыланды.

Қазір халықаралық нарықта Вrent сортының баррелі 50,02 доллар (-1,0%) деңгейінде болып тұр. Ал америкалық доллар федералды резерв жүйесінің кезекті отырысының уақыты жақындауына байланысты әлемдік аренада қайтадан өз позициясын нығайтуы мүмкін. Сондай-ақ, осы аптада алтын құны да қымбаттайды: апта басында бағалы металдың троя унциясы 1286 доллар болады деп болжанып отыр.

Загрузка...