Қазақстанның Ұлттық банкі 13 мамырға арналған шетел валюталарына қатысты ресми бағамды жариялады. АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы кешегі құнымен салыстырғанда 1,5 теңгеге арзандап, 329,79 теңгені құраған.
АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 12 мамырдағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген.
Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 329,79 теңге деңгейінде нақтыланды.
Ал теңге курсына қатысты басқа шетел валюталары кросс-курс есебі бойынша Астана уақытымен 16:00-де белгіленді.