10 соттық жер телімін тегін аламын деушілер алаяқтарға алданып үлгерді

59 просмотров

10 соттық жер телімін тегін алғысы келгендердің алды алаяқтарға алданып жатыр. Алматыда осындай 150 дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

150 дерек бойынша да алаяқтар «10 сотық жер алып берем», «кезегіңді жылжытып берем» деп алдап, азаматтарды тақырға отырғызған деп хабарлайды КТК арнасы.

Тегін он сотық жер алуға болады деген қауесетті естіген жұрт өткен аптада өтініштерін арқалап, әкімдікке, халыққа қызмет көрсету орталықтарына ағылған болатын. Қалалық жер қатынастары басқармасы қысқа мерзім ішінде 4 жарым мыңға жуық өтінішті қарап шыққан.

Анықталғаны, өтініш берушілердің 45 пайызы өзге өңірлерден келгендер екен. Әрі басқарма өкілдері қала аумағында бос жатқан жердің жоқ екенін мәлімдеді. Алайда осының арасында халықтың сеніміне кіріп, жер алып берем деп алдаған алаяқтар да табылған.

— Былтыр ғана 150 факті тіркеліп, қылмыстық істер қозғалған. Оның ішінде бас бостандығынан айырылған азаматтар да бар, — дейді Алматы қаласы прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев.

Загрузка...