Он мыңнан астам қазақстандық студент Қытайда білім алып жатыр. Бұл туралы Алматыдағы баспасөз конференциясында ҚХР бас консулы Чжан Вэй хабарлады.
«Екі ел арасындағы студенттердің алмасу ағыны ұлғайып келеді. Мәселен, өткен жылы Қазақстанға 35 Қытай студенті келді, биыл бұл көрсеткіш елуге көтерілді, ал Қытайдағы қазақстандық студенттер он мыңнан асады», – деп мәлімдеді Чжан Вэй.