Биылдан бастап бiрiншi сынып оқушыларының оқу бағдарламасына жаңа пәндер енгiзiледi.
Бұл туралы Астана қаласы Бiлiм басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев «2016-2017 оқу жылына дайындық» атты брифингте мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz.
– Жаңа оқу жылында бiрiншi сынып оқушылары бiрыңғай оқу-әдiстемелiк кешен бойынша оқытылады. Олардың бағдарламасына «жаратылыстану» пәнi енгiзiледi. Бұл пән бұған дейiн 5-сыныптан бастап оқытылған. Сондай-ақ, «көркем еңбек» пәнi енгiзiледi. Бұл пән «бейнелеу өнерi» мен «еңбекке баулу» пәндерiнiң бiрiгуiнен пайда болды, – дейдi басқарма басшысы.