«Утилизация» басталды. Шілденің 1-інен бастап жарамсыз көлікке 300-350 мың теңге төленеді

121 просмотров

1-шілдеден бастап ескі көліктерін кәдеге жарататын жерге өткізгендерге ақы төлене бастайды. Бір көлікке шамамен 300-350 мың теңге беріледі. Бірақ қаржылай емес, сертификатпен. Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Cертификатты жаңа көлікті несиеге тіркетуде немесе бүтіндей сатып алуда бастапқы жарна ретінде жұмсай аласыз. Бұл туралы Қазақстандық автобизнес қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев мәлімдейді.

Қаражат көлемі нарықтағы сатылып жатқан ескі көліктердің құнымен өлшенген. Қазір тозығы жеткен «темір тұлпардың» бағасы 1 мың долларға жетпейді. Бұдан бұлай, олардың қожайындары дилерлік орталықтарға жүгініп, көлігін „утилизацияға„ тапсыра алады. Сол жерде оның құны жазылған сертификат беріледі. Ал жаңа көлік сатып аларда, бастапқы жарна ретінде бір емес, бірнеше сертификаттың басын біріктіруге мүмкіндік бар.

“Алғашқы жыл болғандықтан, бұл жобаға отандық қана емес, импорттық машиналарды сатып алатындар да қатысуын ұсындық. Тек бағасы 30-40 мың доллардан аспауы керек. Биыл көлік нарығында баға құбылмалы. Ал сертификат саны жеткілікті. Бәрін қамтуды ойлап отырмыз”, – дейді Қазақстандық автобизнес қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев.

Айта кетейік, электронды түрде тіркелген барлық мәлімет “Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері” операторына өтеді. Ол жыл басынан бері жұмыс істейді.

Үкімет жанынан құрылған бұл оператор барлық қаражатты ескі көліктерді бөлшектеп, шикізатын қайта өңдейтін зауытқа жұмсамақ. Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облысында осындай екі зауыт бой көтереді. Келесі жылы елімізде ескі көліктердің 80 пайызы кәдеге жаратылады деген жоспар бар.

Загрузка...