1 АҚШ доллары — 339 теңге

27 просмотров

ҚР Ұлттық банктің 6-7 шілде күндеріне белгілеген 1 АҚШ долларының ресми бағамы — 337,07 теңге. Ал ақша айырбастау орындарында америкалық валюта осы аптада тұрақты түрде 339 теңгеден сатылып жатыр.

Kurs.kz сайтындағы деректерге сүйенсек, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында бүгін 1 АҚШ доллары 336-337 теңгеге сатып алынып, 338,5-339 теңге аралығында сатылып жатыр.

ҚР Ұлттық банктің 6-7 шілде күндеріне бекіткен шетелдік валюталар бағамы мынадай: 1 евро —375,60 теңге, ресей рублі — 5,25 теңге, 1 фунт стерлингі — 443,42 теңге, жапон йені— 3,32 теңге, 1 қытай юаны — 50,54 теңге, 1 қырғыз сомы — 5,00 теңге, 100 өзбек сумы— 11,50 теңге болды.

АҚШ долларына қатысты ресми бағам Қазақстан қор биржасындағы 5-шілдедегі таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 337,07 теңге деңгейінде нақтыланды.

Загрузка...